Иран Каспий теңізінің атауын өзгертпек

Күні: 12:24, 19-09-2018.

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Иран Каспий теңізінің атауын өзгертпек, деп хабарлады   Day.Az.
«Иранның ішкі картасында Каспий (Хазар) «Kaспиан» деп аталатын болады», - деп мәлімдеді Иранның картография басқармасының төрағасы Масуд Шафи.
Ол атап өткендей, қазіргі таңда әлемде Каспийді «Kaспиан» деп атап жүр.
«Біз оның атауын осылай өзгертуді және Иранның ішкі карталарында да осылай атауды дұрыс деп ойлаймыз. Өткен жылы шығанақтың жаңа картасы таныстырылды. Жарты ғасыр өткен соң біз Иран карталарында нысандардың ағылшын тілінде жазылуына қол жеткіздік. Бұл маңызды оқиға болды. Бұл ретте «Парсы шығанағы» атауы кеңінен тарады, оны бүгінде бүкіл әлем қолданып жүр. Біз мұны Халықаралық гидрографиялық ұйымның бекітуін асыға күтіп жүрміз», - деп түсіндірді  М.Шафи


Жаңалықтармен бөлісу: