Иран сауда кемесі Каспий теңізінде апатқа ұшырады

Күні: 16:10, 21-12-2018.

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Иран сауда кемесі Каспий теңізінде апатқа ұшырады, деп хабарлады ISNA.
«Әскери-теңіз флотының құтқарушылар командасы (ВМФ) Солтүстік флоттың дайверлер жасағымен бірге Каспий теңізінде тесік пайда болғанкеме экипажын құтқару операциясын жүргізуде», - делінген жұмадағы хабарда.
Тесікті ирандық басылым өте қауіпті деп отыр, тіпті кеменің су түбіне кетуі де мүмкін екен.
«Әскери-теңіз флоты сүңгуірлер командасымен бірге экипажды құтқаруға және кемені су бетінде қалдыруға бар күштерін салуда», - деп хабарлады Иран ӘТФ-нан.


Жаңалықтармен бөлісу: