Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанды Түркменстан және Иранмен байланыстыратын «Солтүстік-Оңтүстік» трансұлттық темір жол магистралын ашу рәсімі биылғы 3 желтоқсанда болады, деп хабарлады Иран телеграф агенттігі (ИрТАГ) сейсенбі күні.
«Иран темір жолдары» компаниясының өкілі Мухаммад Гаравидің айтуынша, иран-түркменстан шекарасының маңындағы Инчеборун қаласының жанында өтетін аталған темір жолдың ресми іске қосу салтанатына Иран, Түркменстан мен Қазақстан президенттерінің қатысуы жоспарланған.
Бірқатар жергілікті БАҚ хабарларынша, халықаралық темір жолдың ирандық бөлігін салуға жергілікті билік $52 млн шамасында қаражат жаратқан.
Ұзындығы 88 км болатын Гургон-Инчеборун-Түркменстан темір жолы Иранды Түркменстан аумағы арқылы Қазақстан, Ресей, ТМД елдері мен Қытаймен байланыстырады. Ол Солтүстік Еропаны Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын «Солтүстік-Оңтүстік» трансұлттық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Ақтөбе облысының әкіміне экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды6 Желтоқсан 2023, 18:41
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі6 Желтоқсан 2023, 13:49
-
Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған «Блогер» ұсталды6 Желтоқсан 2023, 11:40
-
Тоқаев Финляндия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады6 Желтоқсан 2023, 11:23