Исекешев президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Әсет Исекешев президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады бейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын», - делінген бейсенбідегі президент Қасым –Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Исекешев 2019 жылдың наурызынан бері Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры болған, оған дейін 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін президент әкімшілігін басқарған, оған дейін 2016 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Нұр-Сұлтан әкімі болған.

adimage