Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Экономикадағы іскерлік белсенділіктің өзгерісін сипаттайтын PMI Индексі қыркүйек айында біршама төмендеп 52,1 құрады, қазанда одан да төмендейді деп күтілуде, деп хабаралды Қазақстан Халық банкі.
«Кәсіпорындардың бизнес ахуалының өзгерісіне қатысты 2019 жылдың қазан айына деген үміттері қыркүйекпен салыстырғанда төменірек», - делінген Ұлттық банктің ай сайынғы есебінде.
Бұл ретте, Ұлттық банк ақпарынша, қыркүйекте экономикадағы PMI индексі төмендеді.
«Экономикадағы іскерлік белсенділіктің өзгерісін сипаттайтын PMI Индексі қыркүйек айында біршама төмендеп 52,1 құрады. Бұл нақты сектордағы белсенділіктің қалпына келуінің жалғасуын көрсетеді, бірақ тамыз айымен салыстырғанда өсу қарқыны біршама төмен», - делінген құжатта.
PMI Индексінің оң динамикасына әсіресе ықпал еткен құрылыс саласы, онда көрсеткіш 59,4 құрады. Өнеркәсіп бойынша PMI индексі – 51,9, қызмет көрсету секторы бойынша – 51,4, делінген құжатта.
«2019 жылдың қыркүйегінде кәсіпорындардың ағымдағы жағдайды бағалау көрсеткіші теріс аймаққа ауысты. Бұл, ең алдымен, қызмет көрсету секторындағы ағымдағы жағдайды теріс бағалаған кәсіпорындар санының көбеюіне байланысты болды», - дейді қаржылық реттеуші.
Хабарда атап өтілгендей, 50-ден жоғары PMI мәні оң өзгерісті, 50-ден төмені теріс өзгерісті білдіреді.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32