«Ислам мемлекеті» мен «Аль-Каида» ынтымақтастық туралы уағдаласты

Күні: 09:41, 14-11-2014.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы мен «Аль-Каида» террорлық ұйымы ынтымақтастық туралы уағдаласты, деп хабарлады ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігі.
«Ислам мемлекеті» тобы мен «Аль-Каида» террорлық ұйымы Шамдағы өздерінің қарсыластарына қарсы күресте бірлесе іс-қимыл жасау туралы уағдаласты», - делінген мақалада.  
Мақалада айтылғандай, ИМ мен «Аль-Каида» өкілдерінің құпия кездесуі 2 қарашада Атареб қаласында өтті, және ол кездесу 4 сағатқа созылып, оны шам оппозиция мүшелері мұқият қарап отырған. Алеппо маңында ондай кездесу болғанын және онда уағдаластыққа қол жеткізілгенін өзін Абу Мусафер деп таныстырған дала командирі де растады. Оның айтуынша, тараптар бұдан былай бір-бірімен соғыспай, керісінше, бірлесе отырып, Шамның солтүстігіндегі екі ауданда күрд жасақтарына қарсы соғысу туралы уағдаласыпты. Бірақ ол аудандарда әзірге соғыс жүріп жатқан жоқ.  
Одна басқа, ВВС орыс қызметінің мәліметтерінше, интернет желісінде экстремистік «Ислам мемлекеті» тобының басшсы Абу Бакра аль-Багдадидің аудиоүндеуі жарияланды. Онда ол барлық жерлерде «жаппай жиһад» өткізуге шақырады. 17 минуттық аудиоүндеу ол қаза болды деген қауесет тараған соң алғаш рет жарияланды.
Ол үндеуінде ИМ тобының әрекеті Сауд Арабиясы, Йемен, Мысыр, Ливия және Алжир аумағына таралғаны айтылады. Бұл ретте аталған аудиоүндеудің шын екені расталған жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: