Италияда дзюдодан өтіп жатқан Еуропа Кубогінде қазақстандықтар «алтын», «күміс» және «қола» иемденді

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Кеше Италияда дзюдодан өтіп жатқан Еуропа Кубогінде қазақстандықтар «алтын», «күміс» және «қола» иемденді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Италиялық Линц қаласында дзюдодан Еуропа Кубогі аяқталды. Алтын медальді Ғалия Тынбаева иемденді», - деп хабарлады сейсенбіде ҰОК-нен.
Турнирге барлығы 36 команда қатысты.
«48 кг салмаққа дейінгі белдесуде екі қазақстандық кездесті – Ғалия Тынбаева мен Ақмарал Науатбек. Олардың белдесуі Тынбаеваның жеңісімен аяқталды, Науатбек «күміс» алды», - деді комитеттен.
«Қоланы» Мөлдір Нарынова иеленді, ол 70 кг дейнігі салмақта өнер көрсеткен болатын.
«Жалпы командалық есепте Қазақстан төртінші орынға шықты», - деді ҰОК-нен.

adimage