Италияның 89 жасар президенті Жаңа жылдың қарсаңында отставкаға кетеді

Күні: 10:43, 11-11-2014.

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ – Италияның 89 жасар президенті Жаңа жылдың қарсаңында отставкаға кетеді, деп хабарлайды италияндық БАҚ-тар.
«Италия Республикасының 89 жасар іс басындағы президенті Джорджо Наполитано мандат аяқталуының ресми мерзіміне дейін өз орнынан кетуге нетті. (...) Наполитано отставкаға 31 отставкаға кетуі ықтимал», - делінген жариялымда.
Қазіргі таңда бұл міндетке үміті басым кандидаттардың қатарында Италияның бұрынғы премьер-министрлері Романо Проди мен Джулиано Аматоның, Римнің экс-мэрі Вальтер Велтронидің, Италияның іс басындағы қорғаныс министрі Роберто Пиноттидің, мәдениет министрі Дарио Франческинидің және экономика министрі Пьер-Карло Падоанның есімдері айтылуда.
БАҚ-тардың еске салуы бойынша, 2013 жылдың сәуір айында құрметті демалысына жиналған Д. Наполитано италияндық парламентарийлердің жаңа мемлекет басшысын сайлауға қабілетсіздігі салдарынан президенттіктің екінші мерзіміне келісуге мәжбүр болған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: