Израиль қауіпсіздік күштерінің әрекетінен бір айда 500-дей палестиндік зардап шекті - БҰҰ

Күні: 10:49, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Соңғы айда Израиль қауіпсіздік күшінің Иордан өзенінің батысындағы әрекеттерінен 500-дей палестиндік, оның ішінде 60 бала зардап шекті, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар, БҰҰ бас хатшысының көмекшісі міндетін атқарушы  Йенс Тойберг-Франдзенге сілтемелеп.
«Есептік кезеңде израильдік қорғаныс күштерінің Иордан өзенінің батысында жүргізген әскери әрекеттерден барлығы 494 палестиндік, оның ішінде 60 бала мен 8 әйел жарақат алды. Сондай-ақ Израиль қорғаныс армиясының 8 жауынгері зардап шекті», - деді ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде ай сайынғы баяндамасында.  
Оның айтуынша, «палестиндік жастар мен Израиль қауіпсіздік күштерінің арасында қақтығыстар күн сайын болып отырады».
«Ерекше алаңдатып отырғаны шабуылдар діни құлшылық ететін жерлерге жасалып отыруында, себебі ол бүкіл өңірдегі қауіпсіздікке ықпал етуі мүмкін», - деді БҰҰ өкілі.
Бұл ретте ол осындай әрекеттер Иорадан өзенінің батысы мен Израильдің басқа да бөліктеріндгі қақтығыстарды өршіткенін атап өтті.
«Шиеленістің келешектегі өсуінің алдын алыу үшін барлық тарап жауапкершілігі мен көшбасшылығын танытып, біржақты арандатушылық әрекеттерге бармай, өз тараптарын қызу сөзбұйдаңға берілуден тартынып отыруы керек», - деп атап көрсетті Тойберг-Франдзен.
Ол 13 қарашада Амманда АҚШ мемхатшысы Джон Керридің қатысуымен консультацилар сериясы өткенін, оған Палестина мемлекетінің президенті Махмұд Аббастың және Израиль премьер-министрі  Беньямин Нетаньяху қатысқанын еске салды.  
БҰҰ өкілі келіссөздер қорытындысында жарияланған «сенімды арттыру шаралары», сондай-ақ, «киелі жерлерге қатысты статус-квоны сақтау туралы міндеттемелер» жағдайды бәсеңсітеді деген сенім білдірді. БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі брифинг аяқталған соң оның мүшелері жабық есік жағдайында кеңес өткізді. Онда жағдайды одан ары бәсеңсіту бойынша қабылданатын қадамдар талқыланды. Негізгі назар осы ай соңына дейін қарау жоспарланған палестина-израильдік реттеу бойынша резолюция жобасын дайындауға аударылды.


Жаңалықтармен бөлісу: