Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – «First Heartland Jýsan Bank» (Jýsan Bank) АҚ басқармасының төрағасы тағайындалды, деп хабарлады қаржылық ұйымның баспасөз қызметінен.
«First Heartland Jýsan Bank» (Jýsan Bank) АҚ директорлар кеңесінің кезекті жиналысында банк басқармасының жаңа төрағасы болып Қайып Айбек Төребекұлы тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қайып 2016 жылдан бері инвестициялық және қаржылық компанияларда басшылық қызметтерде болған. 2018 жылы First Heartland Capital инвестициялық компаниясы басқармасының төрағасы, ал 2019 жылы – Jýsan Bank басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
Еске салсақ, 2019 жылдың 6 ақпанында белгілі болғандай, «Цесна» қаржылық холдингі» АҚ «Цеснабанк» бақылаушы пакетін First Heartland Securities компаниясына сатты. 22 сәуірде «Цеснабанк» АҚ мен «First Heartland Bank» АҚ бірігуі мүмкін екені хабарланды.
Оған дейін – 25 қаңтарда Қазақстан билігінің елдегі банк активтерінің үлкендігі бойынша екінші банк «Цеснабанкке» шұғыл түрде инвесторлар іздеп жатқаны белгілі болды, оған қосымша қаржылай көмек керек болады деген оймен
29 сәуірде белгілі болғандай, «Цеснабанк» атауы First Heartland Jýsan Bank болып өзгертілген.
2 қыркүйекте хабарланғандай, «Цеснабанк» First Heartland Bank-тен Jýsan Bank болып өзгертілген бірігу процесі толық аяқталған.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26