Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Көк Жайлауға шанамен сырғанауға балаларымен кеткен екі ер адам үсіп қала жаздады, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Балалары бар екі ер адам тауда үсіп қала жаздады. Кешке кешкісін «ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне қоңырау түсті. Алынған ақпаратқа сәйкес, екі ер адам күндіз таксимен Көк Жайлауға шанамен сырғанау үшін кеткен. Қастарында 4 және 6 жастағы кішкентай балалар болған. Екеуінің де телефоны жауап бермеген, кейін байланыс мүлде үзіліп қалған», - деп хабарлады дүйсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оның айтуынша, алты құтқарушыдан тұратын жедел топ, соның ішінде бір кинологы бар, іздестіру шараларына кіріскен.
«Олармен байланысу мүмкін болмағандықтан, нақты қайда жүргендері белгісіз болды, РЖҚЖ құтқарушылары туристер жүруі мүмкін жолдардың барлығын барлау туралы шешім қабылданды. Топтарға бөлінген РЖҚЖ құтқарушылары іздестіру-құтқару шараларына кіріскен», - деді ТЖК-ден.
Ведомствоның ақпарынша, қатты тұман мен түннің қараңғылығы жағдайды қиындатқан, оның үстіне қар көшкінін тудырмас үшін бұл жерді жақсы білу де керек еді.
«Түн ортасына қарай РЖҚЖ құтқарушылары қасында ұлы бар бір ер адамды тапқан, ол Көк Жайлау шатқалы жағындағы Үлкен Алматы шатқалы маңында болған. 15 минуттан кейін одан жоғарырақ маңнан РЖҚЖ құтқарушылары оның досын да баласымен бірге тапты. РЖҚЖ дәрігерлерге жеткізілгенге дейінгі алғашқы көмектерін көрсетіп, зардап шегушілерді жедел көліктерімен қауіпсіз жерге жеткізген», - деп атап өтті ТЖ комитетінен.
ТЖК-де еске салғандай, Іле Алатауы тауларында қар көшкінінің қаупі сақталуда.
«Таудан тек соған арналған арнайы орындарда ғана сырғанауға болады. Таудағы қысқы серуен барысында балаларға мұқият болыңыздар, тәуекел етпеңіздер, қосымша жылы киім, ыссы шәйі бар термос және аздаған тамақ ала шығыңыздар. Аязда алкогольді ішімдік ішпеңіздер, одан қан тамырлары кеңіп, дене тез ысиды да, бірден суи бастайды, бұл өте қауіпті!» - деді Нұрахметов.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34