Көк-Жайлау шатқалындағы өрт сөндірілді

Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Көк-Жайлау шатқалындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады Алматының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Өрт 13.03-те ауыздықталды. 13.28-де сөндірілді. Өрт алаңы 5 га», - делінген хабарда.
Өрт шыққан биіктіктегі (1 720 м) жерге жеке құрамды жеткізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы қолданылды.
Өртті сөндіруге Алматы қ. ТЖД жеке құрамының 56 адамы, 13 бірлік техникасы, ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тік ұшағы, «Қазавиаорманқұтқару» АҚ 6 адамы, 55 мемлекеттік инспектор, Іле-Алатау МҰТП атты патрулі жұмылдырылған.

adimage