«Көк-Жайлау» шатқалындағы өрт жоғары ранг бойынша сөндірілуде

Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - «Көк-Жайлау» шатқалындағы өрт жоғары ранг бойынша сөндірілуде, деп хабарлады Алматының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«26 қыркүйекте Медеу ауданында, «Көк-Жайлау» шатқалындағы (биіктігі 1720 м) тау баурайында құрғақ шөптің өртенуі байқалды. ТЖД барлық күші мен құралы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды», - делінген хабарда.
Сонымен қатар Іле-Алатау МТҰП, «Қазавиаорманқорғау» АҚ, «Қазавиақұтқару» АҚ, ТЖМ АБ да жұмылдырылды.

adimage