Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ - Амангелді Смаилов Көкшетау әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп мәлімдеді Ақмола облысының әкімі Марат Иғали.
«Көкшетау әкімінің орынбасары болып Смаилов Амангелді Халауденович тағайындалды», - деп жазды М.Иғали сейсенбі күні өзінің Facebook парақшасында.
Еске салсақ, 56 жасар А.Смаилов 2014 - 2017 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет атқарған, атап айтсақ Көкшетау әкімінің орынбасары, Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметтерінде болған.
Көкшетау әкімінің орынбасары тағайындалды
