«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қаржы лизингіне Т2,1 млрд астам қаражат жұмсамақ

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қаржылық лизинг бойынша қызметтерге Т2,1 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ; атауы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - көлік құралдарын сатып алу саласындағы қаржы лизингі бойынша қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т2 153 589 750», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 16 қыркүйекте басталып, 1 қазанға дейін жалғасады.

Фото көзі: gnppkokshetau.kz


adimage