Көкшетауда 1400 орындық кафедралы мешіт ашылды

Көкшетау. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Көкшетауда 1400 орынды кафедралы мешіт ашылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Құрылысы 5 жылға созылған мешіттің ашылуы Ақмола облысының тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды.  
Облыс әкімі Сергей Кулагин нысанның салтанатты ашылуында атап өткендей, «мешіт Көкшетаудың рухани және діни орталығына айналады, оның әйгілі дін маманы Науан Хазреттің есімімен аталуы да тектен тек емес»  

Мешіт құрылысы басталғалы бері облыста 4 әкім ауысты. «Олардың әрқайсысы өз үлестерін қосты», деп атап өтті С.Кулагин. Оның айтуынша, құрылыстың жүруі оңай болған жоқ, ақшаның жетіспеуінен мешіт құрылысы жиі тоқтап қалған, дегенмен билік пен меценат үнемі қол ұштарын беріп отырған.  

Сондай-ақ алдағы жылыту маусымында мешіттің коммуналдық шығындарын жергілікті бюджеттің өтейтінін атап өтті.

Мешіт бір мезетте 1400 адамды қабылдай алады. Түрлі рәсімдерді өткізуге арналған 350 орындық асхана да бар. Сонымен қатар әйелдер мен ерлердің намаз оқуға  арналған бөлек залдары, неке қидыруға арналған зал да бар.  

5 жылға созылған мешіт құрылысына Т1,5 млрд жұмсалған. Мешіт ғимаратының аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды, ал жер телімінің жалпы алаңы 15,2 мың шаршы метр.  

adimage