Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Көктайғақ салдарынан Ақмола облысында үш тас жол учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«8 қарашада таңғы уақыт 08:50-де ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар бірқатар автожолдар жабылып, көлік қозғалысы уақытша шектелді. Нақтырақ айтсақ, «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (Қостанай облысы шекарасындағы – Сұрған кенті) автожолының 232-260 км, «Жезқазған – Петропавл» (Сұрған - Бұзылық) автожолының 552-536 км «Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 км»,- деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов жұма күні.
Бұған дейін хабарлағандай, жаңбыр салдарынан жолдарда көктайғақтың орын алуына орай Нұр-Сұлтан-Щучинск жолының 124-231 шақырым бөлігінде 09.00-ден бастап қозғалыс шектелді.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53