Көлік шығарушылардың акциясы АҚШ пен Қытайдың сауда саласындағы бітімгерлігінен кейін арта бастады

Күні: 13:32, 04-12-2018.

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Көлік шығарушылардың акциясы АҚШ пен Қытайдың сауда саласындағы бітімгерлігінен кейін   арта бастады, деп хабарлады «Коммерсант».
«АҚШ пен Қытай жаңа баж салығын арттыруды және енгізуді уақытша тоқтата тұру туралы келіскендігі белгілі болғаннан кейін ірі көлік шығарушылардың және кей компаниялардың акциялары дүйсенбіде барынша артты», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей,  америкалық General Motors көлік шығарушылардың акциясы биржа басталғанға дейінгі саудада   4% өсті, ал Ford және Tesla – 3% өсті. Еуропалық көлік шығарушылардың акциясы да өсті: Daimler –   4,5%, BMW –  5%, Volkswagen –  3,2%. Тек көлік шығарушылардың акциясы ғана емес  Boeing аэроғарыш қауымдастығының акциясы дүйсенбіде  6% өсті, Caterpillar арнайы техника өндірушісінікі  – 4%. Индекс Dow Jones дүйсенбіде 1,6% өсті.
Еске салсақ,   G20 кезінде  АҚШ президенті  Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы  Си Цзиньпин тарифтерді өсіруді 90 күнге кейінге шегерді және сауда мәселесі бойынша қосымша келіссөздер жүргізуге келісті.  Соған байланысты, мәселен, қыркүйекте күшіне енген  ҚХР импортына салынатын  10%-дық тарифтер  бұрын күтілгендей,   25% дейін өспейтін болды.  


Жаңалықтармен бөлісу: