Көлік жүргізушілері көктайғақ пен қар жауған кездегі Алматының коммуналдық қызмет жұмысының сапасын атап өтті

Күні: 11:19, 18-10-2018.

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Алматының көлік жүргізушілері қақтайғақ пен қар жауған кездегі Алматының коммуналдық қызмет жұмысының сапасын атап өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жол қызметкерлері бұл жолы жарады. Қаланың барлығы көктайғақтан жақсы тазартылған және реагент төселген. Иә, әрине, аулаларға кірсең – ол жерде көктайғақ, алайда орталық көшелер мұздан тазартылған», - делінген мегаполис көлік жүргізушілерінің чатында.  
Агенттік тілшілерінің бақылауынша, Алматының орталық көшелері шынымен де қар мен мұздан тазартылған.
Осылайша, Алматының коммуналдық қызметтері қаланы кәсіби және дұрыс тазалаған.
Еске салсақ, Алматыда 17 қазанда қар жауды, түнде және ертеңгісін тұман, көктайғақ, +1+3.


Жаңалықтармен бөлісу: