Көлсай өзеніндегі демалыс аймақтары тау массасының жылжуына байланысты жарықсыз қалды

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Алматы облысында тау массасының жылжуына байланысты Көлсай өзеніндегі демалу аймақтары электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚР ІІС ТЖ комиетінің баспасөз қзыметі.
«2018 жылғы 19 сәуірде Алматы облысындағы ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ «Көлсай» гидробекетінің бақылаушылары сырғыма қауіпті учаскелерді визуалды қарау нәтижесінде қазіргі Кеген ауданының (бұрынғы Райымбек ауданы) аумағында Саты ауылына жақын маңда тау массасының жылжуы орын алды. Сырғыманың бұрынғы ошағы жандануының негізгі себебі жауын-шашынның мол түсуі мен сейсмикалық ықпал болып табылады», - делінген таратылған хабарламада.
«Сырғыма массасы «Саты ауылы-Көлсай көлі» автожолындағы 400 метр жерді және электр беру желісінің 4 тіреуішін құлатты (Көлсай көліндегі демалыс орны электр жарығынсыз қалды). Маусымдық пайдалану үйі жиналды және қауіпсіз жерге көшірілді. Бақылау жүргізу жұмыстары жалғасуда», - деп толықтырды ТЖ комитетінен.
Атап өткендей, оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, Көлсай көлінің төменгі жағында қозғалыс тоқтатылды.
Алматы облысы ТЖД бастығы, Алматы облысы ТЖД жедел тобы, жергілікті атқарушы органдар, аудандық ішкі істер бөлімі, прокуратура, «Қазселденқорғау» ММ, Көлсай көлдері ұлттық паркі қызметкерлері оқиға орнында.

adimage