Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция қызметкері Алматы облысындағы куәгерлерді азаптады

Күні: 11:52, 04-09-2019.

Алматы. 4 қыркүйек. ҚазТАГ - Алматы облысында ювеналды полиция қызметкері куәгерлерді азаптады, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
«М.Сопиев, қылмысынмойындату үшін бірнеше рет қылмыстық іс бойынша куәгерлерді азаптады және өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін бұл адамдарды жеке үй аумағында заңсыз ұстады», - делінген хабарламада.
29 тамызда Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының үкімімен Ұйғыр ауданының жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі бөлімінің учаскелік инспекторы М.Сопиев үш жылға бас бостандығынан айырылды.
«М.Сопиев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полиция лейтенанты атағынан айырылды», - делінген хабарламада.


Жаңалықтармен бөлісу: