Күннің күркіреуі мен қатты жел салдарынан Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:58, 30-05-2019.

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Күннің күркіреуі мен қатты жел салдарынан Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«31 мамырда-1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 31 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. 1 шілдеде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 31 мамырда-1 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 31 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 күтіледі. 1 шілдеде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда
Сондай-ақ хабарланғандай, 31 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: