Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ – Көп балалы аналар мәжілісте депутаттардың не үшін керегін және олар кімнің мүддесін білдіретінін сұрады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Елімізге депутаттар не үшін керек? Бұл адамдар біздің дауысымызды тыңдай ма, тыңдамай ма, соны білгім келеді», - деді бейсенбіде парламентке басқа да көп балалы аналармен бірге келген әйелдердің бірі.
Көп балалы аналармен кездесуге депутат Бейбіт Мамраев шықты, ол көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесінің қазір еліміздің заңнамалық органдарында қаралып жатқаын мәлімдді.
«Сіздің сұрағыңызды жеті комитет өкілдері қарайтын болады, бір комитет емес. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қарауға қоғамдық бірлестіктер де қатысады. Біздің есіктеріміз ашық. Бұның барлығы хаттамаға жазылады. Сосын, сіздер білесіздер, парламентте үш партия бар. Бірақ тіпті парламентте жоқ партиялар да талқылауға қатысады. Мысалы, «Ауыл», «Бірлік» партияларының өкілдері», - деді Мамраев.
Бұған дейін хабарланғандай, Астана әкімдігінен көмек ала алмаған көп балалы аналар парламентке келді. Әйелдердің бірі шенеуніктер көп құжат талап ететіндеріне шағымданып, «меморгандар арасында байланыс жоқ» деген пікірін білдірді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова жеке куәлік бойынша ғана атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 15 сәуірден кейін ғана реттеледі деді.
Еске салсақ, көп балалы аналар Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жәрдемақы көлемін өсіруді талап етуде. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.
Көп балалы аналар мәжілісте депутаттардың не үшін керегін және олар кімнің мүддесін білдіретінін сұрады
