Көпбалалы аналар Нұр-Сұлтанда Ақорда мен үкіметке билікке қатысты талаптарымен келді

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Көпбалалы аналар Нұр-Сұлтанда Ақорда мен үкіметке билікке қатысты талаптарымен келді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ең төменгі кірісті, кедейшіліктің ең төменгі шегін қандай ақылды бастар есептеді екен? Сіздердің қызметтік пәтерлеріңіз, сіздердің миллиондаған жалақыларыңыз, олар халықтың бюжеттік ақшасы, салық төлеушілердің ақшасы, біздің балаларымыздың, аналарымыздың ақшасы», - деді жиналғандардың бірі.
Олар атап өткендей, көптеген депутаттар мен жоғары лауазымды шенеуніктердің жасы зейнет жасынан асып кеткен.
«Олар 60-тан, 70- тен асқандар. Кейбірі 73-те, 80-ге тақап қалғандар. Ана депутат Божко (Владимир- ҚазТАГ), ана премьер-министр Сапарбаев (Бердібек-ҚазТАГ) та – сіздер баяғыда зейнетке кетулеріңіз керек. Сіздерге бізге тіл тигізуге, бізді асырап отырмыз деп айтуға кім құқық берді? Бүгінде депутаттар халықтың арқасында отыр», - деді жиналғандардың бірі.
Жиналғандар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етіп, күш құрылымдарын күш қолданды деп айыптады.
«Біз (президент – ҚазТАГ) кеңсесіне құжат тапсыру үшін бардық – төрт адам бардық, қасымызда 10 полицей жүрді! Ұзын бойлы арнайы киім киген қыз бізді қуып жетіп, кәдімгідей бізге қол көтерді. (…) Біз Тоқаевтың кеңсесіне құжат тапсыруға бара жатырмыз, бізде қару жоқ, біз анамыз, бірақ бізді жібермеді – бұл біздің конституциялық құқығымыздың тікейлей тапталуы ғой!» - деді әйелдердің бірі.
Әйелдер АӘТ тағайындалуының жаңа форматына көңілдері толмайтындарын және әлеуметтік төлемдер инфляция үнемі көтеріліп жатқан жағдайда қажетті азық-түлік өнімдері мен ең басты қажеттілік заттарын алуға жеткіліксіз екенін жеткізді.
Кейін көпбалалы аналар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктерімен кездесті. Олар атаулы әлеуметтік көмек көлеміне, жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап бере келіп, мұның елдегі экономикалық жағдайдың төмендігімен байланысты екенін түсіндірді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.

adimage