Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан бірінші матчты өткізді

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ –Бактуу-Долоноту ауылындағы ипподромда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан топтық жарыс өтіп жатыр, деп жазады ҚырТАГ.
«С тобында Қазақстан құрамасы Красноярск (Ресей) командасынан басым түсіп, 15:3 есебімен алғашқы үш ұпайын жинап, бірінші ойынын ойнап шықты», - деп хабарлады жарыстың ресми сайтынан.  
Бүгін, 5 қыркүйекте, қазақстандықтар өз тобындағы басқа қарсыласымен – АҚШ командасымен кездеседі.  
Қазіргі таңда көкпар біріншілігіне 10 команда қатысып жатыр, олар жеребе нәтижесі бойынша 4 топқа бөлінген.  


adimage