Күшті жел салдарынан Қостанай және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:17, 25-10-2018.

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – Қостанай және Қызылорда облыстарында қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«26 қазанда Қостанай облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында да дауылды ескерту жарияланған.  
«26-28 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, 27 қазанда екпіні 25 м/с. 27 қазанда кей жерлерде найзағай күтіледі», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: