Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Кәсіпорындар үшін қолайлы пайыздық мөлшерлеме 7% болғанда, несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 12,7% құрады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мониторингке қатысушы кәсіпорындардың ішінде теңгемен алынған несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме жоғарылап 12,7% құрады, шетел валютасымен алынған несиелер бойынша, керісінше, орташа пайыздық мөлшерлеме аздап төмендеді (6,8%). Кәсіпорындар үшін қолайлы пайыздық мөлшерлеме теңгемен берілетін несиелер бойынша 7%, ал шетел валютасымен - 3,1% болып табылады», - делінген ҚР Ұлттық банкі сайтында орналастырылған 2019 жылдың ІІ тоқсанының Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына пікіртерім нәтижелерінің конъюнктуралық шолуында.
Қаржылық реттеуші атап өткендей, 2019 жылдың 2-тоқсанында кәсіпорындар несиелендірудің бағалық (несиелендіру бойынша мөлшерлемелер деңгейі, қосымша комиссиялар мөлшері) және бағалық емес (несиелендірудің ең жоғарғы мөлшері мен мерзімі, қарыз алушының қаржылық жағдайына қойылатын талаптар, кепілге қойылатын талаптар) шарттарын жалпы теріс бағалады. Ұлттық банк ақпарынша, 2019 жылдың 2-тоқсанында сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 19,9%-ы банктен кредит алуға өтініш беріп, 17,5%-ы несие алды.
Сонымен қатар хабарланғанда, 2019 жылдың 3-тоқсанында несие алуға ниеті бар кәсіпорындардың үлесі 15,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде бұл көрсеткіш 22,8%-ды, ал кен өндіру өнеркәсібінде 9,5%-ды құрады.
Кәсіпорындар үшін қолайлы пайыздық мөлшерлеме 7% болғанда, несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 12,7% құрады – Ұлттық банк
