Күзде ҚР әскери қызметіне 17 мыңнан астам қазақстандық шақырылады

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Күзде ҚР әскери қызметіне 17 мыңнан астам қазақстандық шақырылады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің сайтынан.  
«Ағымдағы жылдың күзінде Қазақстан Республикасының  Қарулы күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға 1992-2000 ж.т. 17 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарлануда», - делінген жұмадағы хабарда.
Бұл ретте «Восток» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы мен Семей қаласының қорғаныс істері басқармасы қалалық Мәдениет сарайында жастарды әскерге шығарып салуға арналған «Әскерге шақырылушылар күні»  салтанатты шарасын ұйымдастырып, өткізді.  

adimage