Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Екі жаралыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 70-і жараланды, деп хабарлады ТАСС.
«Бірінші инцидент Кабулдің батысында жарыс өтіп жатқан спорт клубында орын алды. Алдын-ала болжам бойынша жарылғыш затты клубқа жанкешті-лаңкес алып келген. Екінші жарылғыш зат бірінші жарылыс болған жерден алыс емес жердегі көлікте болды», - деп атап өтті Ауғанстанның ІІМ баспасөз қызметінен.
Ariana телеарнасының нұсқасы бойынша шабуылдау мақсаты спорт клубындағы жағдайды жарияламақ болған журналистер болса керек, кейін Tolo News телеарнасы қаза тапқандар арасында екі қызметкерінің барын айтты, 28 жасар тілшісі мен 23 жасар операторы.
Әзірге Ауғанстан аумағындағы бірде- бір лаңкестік топ болған оқиға үшін өзіне жауапкершілік алмады
Кабулдегі екі жарылыстан 20 адам қаза тапты
