Кабулдегі президент сарайында шыққан өрт тарихи кешеннің бір бөлігін зақымдады

Күні: 10:55, 18-01-2019.

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ –Сәрсенбі күні түнде Кабулдегі Арг президент сарайында өрт шықты, деп хабарлады Ауғанстан баспасөз хатшысы Гарун Чахансуриге сілтеме жасаған Аутаг.
Өрт елдің тарихи мұрасының бір бөлігі болып саналатын сарай кешінінің солтүстік-батыс бөлігінен шыққан. Өрттен өткен ғасырдағы соңғы ауған королі  Мохаммад Захир-Шах кезінде салынған екі қабатты ғимаратқа зардап келген.
Онда әкімшілік және хатшылық басшысының кабинеттері, министрлер кабинетінің отырысына арналған аудитория, бірнеше келіссөздер, түскі ас және қонақ қабылдайтын залдар, сондай-ақ мемлекет басшысы ара-арасында қолданатын қызметтік кабинеттер орналасқан.
Өртті өрт сөндірушілер уақытында келіп сөндірген. Мемлекет басшысының ресми өкіліінің айтуынша, көмектің уақытылы жетуінен үлкен шығын келмеген.
Атап айтсақ, патша Аманулла-ханға тиесілі раритет болып  саналатын кеңсе столы, басқа антиквариат заттар мен көптеген тарихи құжаттар құтқарылған.


Жаңалықтармен бөлісу: