Кафе немесе мейрамханаларды қазақ тілінде мәзір ұсынуға қалай міндеттеуге болады – бейненұсқаулық

Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ – Белгілі қазақстандық PR-маман Айбар Олжаев мемлекеттік тілде мәзір болмағаны үшін смартфон арқылы қалай шағымдануға болатыны туралы бейненұсқаулық түсірген, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өкінішке орай, көптеген кафе/мейрамханаларда мемлекеттік тілде мәзір жоқ. Мен қазір Алмаы қаласы туралы айтып тұрмын. Бұл келуші мен әкімшілік арасында түсінбестік тудырады, камераға түсіре бастайды, ұрыс басталады. Бұл мемлекеттік тілді дамытуға апаратын жол емес», - деді Олжаев дүйсенбі күні ҚазТАГ редакциясына.
Ол түсіндіргендей, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, егер келушіден сұраныс түссе, қоғамдық тамақтану орындары мемлекеттік тілде мәзір ұсынулары керек. Немесе ол тағам аттары қазақ тілінде де, орыс тілінде де жазылған жалпы мәзір болуы қажет.
Редакция сұхбаттасушысы, қазақ тілін тек құқықтық алаң аясында ғана сәтті дамытуға болады – мәдениетті түрде, қызмет ұсынушының өз құқықтарын сақтауын заңды талап ету арқылы деп санайды.
Ол өзінің әлеуметтік желісінде жеңіл әрі оңай бейненұсқаулық жүктеген.
«Мемлекет «Е-Өтініш» деген керемет сервисті іске қосты, оны смартфонға Egov Mobile қосымшасы арқылы қондырып алуға болады, бұл азаматтың меморганмен тікелей байланысы, ал прокуратура меморганның әр өтінішті қарауын мұқият қадағалап отыр. Ал шағым жазып, оны жолдауға сіз бар болғаны бірнеше минут қана жұмсайсыз, өзіңіз шағым түсіріп отырған кафеде отырып-ақ жолдай бересіз. Мен әзірге алтыға жуық шағым жолдадым, барлығы қаралуда, бірінші бойынша меморганнан жауап келді. Мен әлеуметтік парақшада бейненұсқаулық жариялағаннан кейін маған мессенджерге көптеген скриндер келіп жатыр, көптеген адамдар шағым түсіріп те қойыпты, және бұл кеңінен қолданылуда. Бәрі бір-біріне менің бейненұсқаулығымды жолдап та жатыр екен. Заң аясында жасалған осындай қадам тіимді әрі дұрыс болып саналады. Тек тұтынушы ретіндегі өз құқығыңды білу, ал бұзушылықты жауапты меморганға жеткізу керек», - деді Олжаев.

adimage