Калачи селосының тағы 8 адамы «ұйқы дертімен» ауруханаға жатқызылды

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Ақмола облысында үш күнде «этиологиясы түсініксіз энцефалопатия» диагнозымен Калачи селосының тағы 8 адамы, оның ішінде 2 кәметелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«2014 жылы 15 қарашада 16.30-да Ақмола облыстық ТЖД біртұтас кезекшілік-диспечерлік қызметіне телефон арқылы хабар келіп түсті. Онда 2014 жылғы 14 қарашада Есіл аудандық ауруханасына 3 азамат келіп түскені, кейін 15 қарашада 22.20 сағатта тағы 3 азамат келіп түскені айтылады», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Ауруханаға жатқызылған азаматтарға «этиологиясы түсініксіз энцефалопатия» диагнозы қойылды. Одан басқа, 16 қарашада тағы 2 адам ауруханаға жатқызылды.
«16 қарашада 20.15 сағатта ТЖД біртұтас кезекшілік-диспечерлік қызметіне Калачи селосынан тағы екі адам «этиологиясы түсініксіз энцефалопатия» диагнозымен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 2014 жылы қыркүйек айында Ақмола облысының Есіл ауданындағы Калачи селосында қайтадан «ұйқы дерті» тіркеле бастады. Ол ауру анықталғалы ондаған адам ауруханаға жатқызылды. Алғаш рет «ұйқы дерті» осы селода 2013 жылы көктемде тіркелді.  
Науқастардың барлығында ұйқышылдық, ұмытшақтық және әлсіздік байқалған. Әзірге белгілісі - селодан 500 метр қашықтықта уран шахтасы барлығы. Бірақ кейін ҚР ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Матишев Калачи селосында «ұйқы дертіне» шалдыққандардың денсаулығына қауіп төндіретін факторлар жоқ деп мәлімдеді.

adimage