Канадалықтар қарағандылықтарды Farmfair International ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырды

Қарағанды. 26 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысының әкімшілігінде еттік бағаттағы мал шаруашылығы саласындағы Альберта провинциясының қазақстандық аймақпен серіктестік мәселелері бойынша канадалық делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлады облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен.
«Кездесу қорытындысы бойынша канадалық тарап облыс өкілдерін Канадада жыл сайын өтетін Farmfair International жәрмеңкесіне келуге, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын фермаларға баруға шақырды. Шетелдік сатып алушыларға көмек көрсету бағдарламасы аясында жәрмеңке ұйымдастырушылары қонақтарға қолдау көрсетеді, қажет байланыстарды орнатуға көмектеседі», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.  
Хабарда айтылғандай, бизнес-делегация белді канадалық ірі-қара мал мен ауыл шаруашылығы жабдықтарын экспорттаушылардан, малдың еттік тұқымдары бойынша Канадалық кеңес өкілдерінен және  Альберта провинциясының үкіметінің өкілдерінен тұрды.
Кездесуге мемлекеттік орган, «ҚазАгро» ұлттық холдингі өкілеттігінің өкілдері және облыс фермерлері шақырылды.  
«Облыс басшылығы аймаққа ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласына жаңа серіктестерді тартуға мүдделі. Қазақстан мен Канаданың ауыл шаруашылығын дамыту жағдайлары өзара өте ұқсас.  Сондықтан канадалық тараптың ұсынып отырған генетикалық материалдар мен асыл тұқымды мал беру бойынша ынтымақтасу шарттары жергілікті фермерлерде қызығушылық тудырып отыр», - деді облыс әкімінің орынбасары Шағурашид Мамалинов кездесуді аша отырып.
Кездесу барысында канадалық бизнесмендер екіжақты ынтымақтастықтағы өздерінің мүмкіндіктерін таныстырды, ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорын құру тәжірибесімен ой бөлісті.  
Альберта провинциясында Канаданың ірі-қара малының 40%-дан астамы бар, канадалық сиыр етін өңдеу қуатының үштен екісі орналасқан. Жыл сайын өткізіліп тұратын Farmfair International жәрмеңкесіне 90 мыңнан астам адам келеді.

adimage