Карантин созылған жағдайда Құрбан айтта Қазақстан мешіттерінде айт намазы болмауы мүмкін

Күні: 16:01, 03-07-2020.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Әмір Қасенов/Динара Халдарова. Карантин созылған жағдайда Құрбан айтта Қазақстан мешіттерінде айт намазы болмауы мүмкін.

«Егер Құрбан айтта карантин шаралары ұзартылатын болса, (...) онда Айт намаз, өкінішке орай өткізілмейді», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары наиб муфтий Ершат Оңғаров жұмадағы брифингте ҚазТАГ ХАА-ның егер 14 күндік карантиин ұзартылған жағдайда Құрбан айт аталып өте ме деген сұрағына.

Оның айтуынша, халықаралық астрономиялық институттар күнтізбесіне сәйкес биыл Құрбан айт 31 шілдеге сәйкес келіп отыр.

«Құрбан айттың нақты күнін 10 күн бұрын айтамыз», - деді Оңғаров.

Еске салсақ, 5 шілдеден бастап коронавирус жағдайына байланысты шектеу шаралары күшейтілді.


Жаңалықтармен бөлісу: