KASE индексі сейсенбіде 0,3% -ға 2186,85-ке дейін түсті

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,27% -ға түсті – 2192,69 -дан 2186,85-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 3,3 есе өсіп,275,7 млн. теңгені немесе $779,5 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+2,8%) акциялары қымбаттады.
Ал  Kaz Minerals PLC (-4,1%),  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,1%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,2%).акциялары арзандады.


adimage