Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Жұмада Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,31% -ға өсті – 2180,71 -ден 2187,5-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 1,7 есе өсіп, 143,2 млн. теңгені немесе $406,8 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,04%), Kaz Minerals PLC (+4,3%), «KEGOC» (+0,6%) және «Қазтрансойл» АҚ (+1,1%) акциялары қымбаттады.
Ал «Қазақстан Халық бпанкі» АҚ (-0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (-2,6%) акциялары арзандады.
KASE индексі жұмада 0,3% -ға 2187,5-ға дейін өсті
