KASE индексі бейсенбіде 0,32%-ға өсіп, 2448,7-ге жетті

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,32% -ға өсіп, 2440,81-ден 2448,7-ге дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 11% түсіп, Т76,6 млн. немесе $183,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,7%), KAZ Minerals PLC (+0,2%), «Кселл» АҚ (+0,7%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+1,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,4%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,2%) және «KEGOC» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы түскен.

adimage