KASE индексі бейсенбіде 0,55%-ға өсіп, 2445,81-ге жетті

Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,55% -ға өсіп, 2432,37-ден 2445,81-ге дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 35,8% түсіп, Т41,5 млн. немесе $99,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,7%), KAZ Minerals PLC (+0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%), «KEGOC» АҚ (+0,5%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+1,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Кселл» АҚ (-0,4%) акциясының бағасы түсті.

adimage