Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар саудасының қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,79% -ға 2796,72-ден 2818,87-ге дейін өсті.
KASE индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда 16,6% түсіп, 118,8 млн теңгені немесе 283,3 мың долларды құрады.
Биржаның хабарлауынша, сауда-саттық барысында KAZ Minerals PLC (+4,6%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ (+2,4%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,6%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ(-0,2%) акциялары арзандады.
«Кселл» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.