KASE индексі бейсенбіде 0,8%-ға өсіп, 1012,6-ға жетті
Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша бейсенбіде KASE индексінің мәні 0,8% өсіп, 1004,51 –ден 1012,57-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, Т81,9 млн, немесе $452,8 мыңды құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «ҚазТрансОйл» АҚ (+7,1%), «Қазақстан халық банкі» АҚ» (+2,5%), «Кселл» АҚ (+1,3%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: Kazakhmys Plc (-3,1%), «Қазақтелеком» АҚ (-2,9%), (-1%), «Банк ЦентрКредит» (-2,6%)