Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,05% -ға өсті – 2183,68-ден 2184,86-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 3,4 есе түсіп, 67,1 млн. теңгені немесе 177,5 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,4%), Kaz Minerals PLC (+0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+2%) және «Қазтрансойл» АҚ (+0,1%) акциялары қымбаттады.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-2%), және ««KEGOC» АҚ (-0,2%) акциялары арзандады.
KASE индексі дүйсенбіде 0,05% -ға 2184,9-ға дейін өсті
