KASE индексі дүйсенбіде 0,2% -ға 2192,7-ге дейін өсті

Күні: 19:09, 24-09-2018.

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,24% -ға өсті – 2187,5 -тен 2192,69-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 41,6% түсіп, 83,7 млн. теңгені немесе $237,2 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,6%), Kaz Minerals PLC (+2,9%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1% акциялары қымбаттады.
Ал  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,9%), «KEGOC» (-0,8%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,7%) акциялары арзандады.


Жаңалықтармен бөлісу: