KASE индексі дүйсенбіде 0,35% -ға 2203-ке дейін өсті

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,35% -ға өсті – 2195,33-тен 2203,04-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 2,5 есе түсіп, 109,8 млн. теңгені немесе $301,5 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,04%), Kaz Minerals PLC (+1,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+4,7%)  және «Қазтрансойл» АҚ (+1,9%) акциялары қымбаттады.
Ал «Кселл» АҚ (-2,1%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (-2,8%) акциялары арзандады.

adimage