KASE индексі дүйсенбіде 1,07%-ға түсіп, 2419,55-ке жетті

Күні: 19:06, 03-08-2020.

Алматы. 3 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,07% -ға түсіп, 2445,81-ден 2419,55-ке дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,6 есе түсіп, Т16,1 млн. немесе $38,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,3%) акциясының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-2,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,5%), «Кселл» АҚ (-0,04%), «KEGOC» АҚ (-0,6%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,4%) акцияларының бағасы түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: