KASE индексі дүйсенбіде 1,1% -ға 2161,75-ке дейін түсті

Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбіде  Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 1,15% -ға түсті – 2186,13-тен 2161,75-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 14,6% түсіп, 111,6 млн. теңгені немесе 300,1 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында   «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,5%)акциялары қымбаттады.
Ал    «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,1%), Kaz Minerals PLC (-3,6%),  «KEGOC» АҚ (-0,5%),  «Қазақтелеком» АҚ (-1,9%) және «Қазтрансойл» АҚ (-2,1%)) акциялары арзандады.


adimage