KASE индексі дүйсенбіде 1%-ға өсіп, 1059,75-ке дейін жетті

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша дүйсенбіде KASE индексінің мәні 1,07%-ға өсіп, 1048,48-ден 1059,75-ке дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциялы мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 14,6%-ға өсіп,  Т91,7 млн-ды немесе $506,8 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында  Kazakhmys Plc (+9,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+1%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1%) акцияларының бағасы өсті.
«Кселл» АҚ (-1%) акцияларының бағасы түсті.

adimage