KASE индексі сәрсенбі күні 0,004%-ға өсіп, 2425,16-ға жетті

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,004% -ға өсіп, 2425,07 -ден 2425,16-ға дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,3%-ға түсіп, Т20,3 млн. немесе $47,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,8%), «Кселл» АҚ (+0,3%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+0,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-2,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,8%), «KEGOC» АҚ (-0,2%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,02%) акцияларының бағасы түсті.

adimage