KASE индексі сәрсенбі күні 0,22%-ға өсіп, 2454,3-ке жетті

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,22% -ға өсіп, 2431,56 -дан 2454,3-ке дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,9 есе өсіп, Т207,7 млн. немесе $484,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,6%), «Кселл» АҚ (+0,2%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+1,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,6%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-1%), «Қазақстан халық банкі» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,04%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы түсті.

adimage