KASE индексі сәрсенбіде 0,01%-ға өсіп, 1125,3-ке жетті

Күні: 18:26, 15-10-2014.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сәрсенбіде KASE индексінің мәні 0,01% өсіп, 1125,19 –дан  1125,3-ке дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 17% төмендеп, Т83,5 млн, немесе $459,8  мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Қазкоммерцбанк» АҚ (+3,4%), «Кселл» АҚ (+2,1%), Kazakhmys Plc АҚ (+0,7%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: «Қазақтелеком» (-2,3%),«ҚазТрансОйл» АҚ (-1,3%), «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (-0,6%), «Қазақстан халық банкі» АҚ»(-0,1%).


Жаңалықтармен бөлісу: