KASE индексі сәрсенбіде 0,2% -ға 2183,4-ке дейін түсті

Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,16% -ға түсті – 2186,85 -тен 2183,41-ге дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 32,6% түсіп, 185,7 млн. теңгені немесе $516,5 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,4%), Kaz Minerals PLC (+0,1%),  «KEGOC» АҚ (+0,1%),  «Қазақтелеком» АҚ (+0,3%) және «Қазтрансойл» АҚ (+0,2%) акциялары қымбаттады.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-2,5%) және «Кселл» АҚ (-0,01%) акциялары арзандады.

adimage